Етісітіктің сөйлемдіге қызметі:
1.Баяндауыш-жіктелсе:
2.Бастауыш-есімше не тұйық етістікатау септікте тұрса:
3.Толықтауыш-есімше не тұйық етістік А.мен І, септіктерінен басқа септіктерде
тұрса:
4.Анықтауыш-есімше не тұйық етістік ілік септігінде тұрса:
5.Пысықтауыш-қимылдың әр түрлі қасиетін білдірсе.
Үстеу-қимылдың түрлі белгісін, мезгілін,мекені, себебін,мақсатын білдіретін сөз
табы.
Құрамына қарай:
Дара ү.-бір ғана түбірден тұрады.
Күрделі ү.-кемінде екі түбірден тұрады.
Тұлғасына қарай:
Негізгі ү.-бөлшектенуге келмейтін төл үстеу.
Туынды ү.-түбірге жұрнақ жалғану арқылы не кей септік жалғауларының көнеленуі
арқылы жасалған үстеу.
Мағынасына қарай:
1)Мекен үстеу-қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. (қалай?қайда? қарай?
қайдан?)
2)Мезгіл үстеу- қимылдың мезгілін білдіреді. (қашан?қашаннан бері?)
3)Себеп-салдар-қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді. (неге?не себепті?
неліктен?)
4)Қимыл-сын-қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді.(қалай? қайтіп?қалайша?)
5)Мөлшер үстеу- қимылдың мөлшерін,көлемін білдіреді. (қанша?қаншама? қаншалық?)
6)Күшейткіш үстеу- қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып
көрсетеді. (қалай?қандай?)
7) Мақсат үстеу-қимылдың болу мақстаын білдіреді. (қалай?не мақсатпен?)
Туынды үстеудің жасалу жолдары:
1)жұрнақтар арқылы:
-ша,-ше
-лай,-лей,-дай,-дей,-тай,-тей
-дайын,-дейін,-тайын,-тейін
-ншама,-ншалық
-майынша,-мейінше,-байынша,-бейінше,-пайынша,-пейінше
2)түбірлері сіңісіп, көнеленген септік жалғаулары арқылы:
1.Барыс септігінің көнелуі –ға,-ге,-қа,-ке,-на,-не
2.Жатыс септігінің көнелуі –да,-де,-та,-те,-нда,-нде
3.Шығыс септігінің көнелуі –дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен
4.Көмектес септігінің көнеленуі –мен,-бен,-пен.
3)екі не одан да көп түбірдің
1.бірігуі ж/е кірігуі арқылы
2.қосарлануы мен қайталануы арқылы
3.тіркесуі арқылы.
Үстеудің сөйлемдегі қызметі:
1.Пысықтауыш-қимылдың әр түрлі белгісін білдірсе;
2.толықтауыш-заттанса;
3.Бастауыш-атау септігінде тұрса;
4.Анықтауыш-мөлшер үстеу зат есіммен,күшейткіш үстеу сын есіммен тіркессе;
5.Баяндауыш-жіктелсе не заттанса.